Алматы облысында заңсыз жұмыс істеп, 146 миллион теңгеден астам табыс тапқан “Альби” ломбардтар желісінің қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Ломбард бұған дейін “Альби-Ломбард” компаниясы лицензиясынан айырылған. Алайда кәсіпорын атауын “Альби-КМ” деп өзгертіп, Алматы және Түркістан облыстарында жұмысын жалғастырған. Ломбардтар тұрғындардың алтын бұйымдарын кепілге алып, жоғары пайызбен қарыз берген. Клиенттерді тарту үшін бағалы …