Астана қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Әлия Макаева ұсталды деген ақпарат тараған еді. Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасы хабарлауынша, полиция полковнигі ұйымдасқан заңсыз көші-қон ісі бойынша күдікке ілінген. Тергеу нұсқасына сәйкес түрлі ведомстволардың өкілдері қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті анықталған. Дереккөздің мәліметінше, аталған топқа қатысы бар тұлғалар шетел азаматтарына заңсыз түрде тұруға рұқсат …