Еліміздің табиғи байлығын шетелге заңсыз шығармақ болған топтың жолы кесілді. 20 қазан күні ҰҚК Шекара қызметі «Қорғас» халықаралық орталығында Қытайға өткелі тұрған үлкен жүкке тосқауыл қойды. Тексеру барысында ешқандай рұқсат құжаттары жоқ 620 дана ақбөкен мүйізі табылған. Алдын ала есептеулер бойынша, бұл дериваттардың қара нарықтағы бағасы шамамен 180 миллион теңгені құрайды. «Қазіргі уақытта осы факті …