"Канеломен" жекпе-жек қашан?" - деп сұрапты әлеуметтік желіге жазылушы. Жәнібек былай деп жауап берді: "Канело" туралы сұрақ көп. Онымен кез келген уақытта кездесуге дайынмын. Тактика және техника жағынан да дайынмын. Құдай қаласа, онымен айқас та алыс емес. Жанкүйерлер сияқты мен де ол жекпе-жекті асыға күтемін. Бұйырса, үш раундта құлатамын", - деп жауап берді Әлімханұлы.