Жәнібектің қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-5, 21 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас сегізіншісінде аяқталды. Алдымен Жәнібек үшінші раундта франциялықты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақ боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.