Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық құрама қақпашысы Эмилиано Мартинестің жанында еш әрекетсіз күліп тұрғаны үшін сынға қалды. Голкипер Буэнос-Айрестегі чемпиондық шеру кезінде қолына Килиан Мбаппе бейнелеген қуыршақ ұстап жүрген болатын, деп хабарлайды Daily Star.