Тарихи деректер бойынша футболды ойлап тапқан ағылшындар болғанымен, осы ойынды дамытқан француздар. Оған дәлел де жеткілікті. FIFA-ны құру жайлы бастамашыл топтың жетекшісі Робер Герен, алғаш әлем чемпионатын өткізуді жүзеге асырған Жюль Римэ, қарт құрлықтағы клубтық турнирді ойлап тапқан Габриэль Ано, UEFA-ны аяққа тұрғызған, 1960 жылғы Еуропа чемпионатын ұйымдастырған Анри Делонэ, тіпті, бірнеше жыл UEFA-ны басқарған Мишель Платини де француз азаматары. Еуропа біріншілігінің тұсауы да Францияда кесілген. Сондай-ақ «Алтын доптың» иегерін анықтайтын «Франс футбол» журналы да осы елде шығады.