Әлем чемпионы, Аргентина құрамасының жұлдызды шабуылшысы Лионель Мессидің Үндістанға (Калькутта) жасаған сапары күтпеген оқиғалармен есте қалды. «Солт-Лейк» стадионында өткен арнайы шарадан кейін жанкүйерлер ашуға мініп, тәртіпсіздік пен вандализмге барған.