Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Лео Игита Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы қарсыласы Португалиямен өтетін ойын алдында жанкүйерлерге үндеу жолдады. Жаһанның 5 мәрте `Үздік қақпашысы` атанған Игита Өзбекстанда өтіп жатқан байрақты бәсекеде әрбір қазақстандықтың қолдауын сезініп жатқанын жеткізген.