Кеше Қазақстанның хоккей құрамасы қарсылас Италия құрамасымен бақ сынасып, жеңіске жетті. Есеп 5:3. Бұл туралы Хоккей федерациясы хабарлады. Жарыс соңында Қазақстан Хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин команданы жеңісімен құттықтады. Құрамадағы қорғаушы Валерий Орехов, шабуылшы Роман Старченко, қақпашы Андрей Шутовтың табандылығын да айрықша атап өтті. Айта кетейік, Асқар Мамин 2019-2022 жылдары Қазақстан Үкіметін басқарған.