Қазақстандық спортшы Нора Джеруто әлем чемпионы атанып, жеңіл атлетикадан ел тарихындағы бірінші алтынға қол жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. 26 жастағы спортшымыз 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде бірінші орынды иеленді. Белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өткен ол жеңіске жеткен сәттегі әсерімен бөлісті. «Жарыс алдында Эфиопиядан келген әріптестерімнен қорғандым. Олардың әлеуетін білемін, олар да мен сияқты …