Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің экс чемпионы британиялық кіші Крис Юбенкпен (32-2, 23 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы британиялық спортшы Thaboxingvoice ютуб арнасына берген сұхбатында айтты. – Геннадий Головкин қыркүйек айында «Канеломен» жекпе-жек өткізе алмаған жағдайда Головкинмен қолғап түйістіргің келе ме? – Головкиннің менімен айқас өткізуіне тура келеді […]