Қазақстан құрамасы 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы алғашқы ойынын Әзербайжанға қарсы өткізді. Ұлттық құрама С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары – Әзербайжан, Беларусь пен Словакия. Қазақстандық футболшылар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Екі голды да Абат Айымбетов 50, 57-минуттарда салды. Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 маусымда сырт алаңда Словакияға қарсы өткізеді.