Әлемдік рейтингте 32-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Будапешт WTA 250» турнирінің жартылай финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz. Отандасымыз ширек финалда украиналық Леся Цуренкодан басым түсті. Юлия Путинцева бірінші партияда қарсыласына дес бермеді. Есеп: 6:0. Екінші сетте де 2:0 есебімен алда болды. Осыдан кейін Л.Цуренко ойынды жалғастырудан бас тартты. Енді спортшымыз финалға шығу үшін әлемнің …