Кеше Үндістанның Ченнай қаласында Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Бүкіл әлем назарын аудартқан жарыста ұлттық құрама мемлекеттік Ту алып шықпады. Осы орайда Қазақстан шахмат федерациясы қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz. Федерацияның мәліметі бойынша, Ту олимпиаданың жабылуында ғана қажет болған. Кейінгі олимпиадаларда спортшылар шеруі өтпейді. Биыл ұйымдастырушылар осындай мүмкіндік беруді ұйғарған, …