Жансая Әбдімәлік Германияда өткен шахмат Бундеслигасында чемпион атанды. Қазақстаннан шыққан шахматтан тұңғыш Әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жеңісін жариялады. Ол мерзімінен бұрын шахматтан Бундеслига чемпионы атанды. Шахмат Бундеслигасы – әлемнің ең үздік ойыншыларын тарта отырып, Германия чемпионы атағы үшін 16 команда күресетін әлемдегі жетекші шахмат лигаларының бірі.