Ұлттар лигасында Қазақстан мен Молдова матчында жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақттырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлердің қолдауына алғысын білдіре отырып, Ұлттар лигасында 3 маусым күні елордада «Астана Аренада» Әзербайжан құрамасымен өтетін матч қарсаңында үндеу жариялады. «Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, […]