Алматыда Female Pro League by Olimpbet халықаралық әйелдер киберспорт лигасының алғашқы маусымы өз мәресіне жетті. Бұл толықтай Қазақстанда құрылған әрі ұйымдастырылған әлемдік деңгейдегі алғашқы турнир. Ол CS2 бойынша әлемнің ең мықты құрамаларын жинады. Ал гранд-финалда бразилиялық Imperial Valkyries ұйымының өкілдері мен Германияның BIG Equipa командасы кездесті, әлем жанкүйерлеріне әсерлі шоу ұсынды.