ҚПЛ-дың 3-турындағы соңғы ойын бүгін, 22 наурыз күні сағат 15:00-де басталады. Алматыдағы `Хан-Тәңірі` стадионында өтетін бұл маңызды бәсекеге Саят Қарабаев бастаған төрешілер тобы қазылық етеді. Турдың нүктесін қоятын тартысты матчты жанкүйерлер Qazsport телеарнасы мен KFF League YouTube-арнасы арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.
Спорт