Талдықорғандық "Жетісу" халықаралық футбол қауымдастығының санкциясына ұшырап, клубқа жаңа ойыншыларды тіркеуге уақытша шектеу қойылды. Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында үлкен алаңдаушылық тудырғанымен, клуб басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.