21 наурыз күнгі ҚПЛ ойындары нағыз сенсацияларға толы болды. Күннің басты оқиғасы Семейдің `Елімайы` сырт алаңда `Ақтөбені` 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, жанкүйерлерді таңғалдырды. Ал Алматының `Қайраты` биылғы маусымда алғаш рет ұпай жоғалтып, Талдықорғанның `Жетісуымен` өткен матчта голсыз тең тарқасты (0:0). Сонымен қатар, Көкшетаудың `Оқжетпесі` өз алаңында `Ұлытауды` 2:1 есебімен тізе бүктіріп, жеңісті соңғы секундтарда жұлып алды.
Спорт