Қазақстан Премьер-лигасында чемпионат аяқталып, енді ауыс-түйістер, трансферлік ауысымдар маусымы басталды. Әр команданың айналасында алып-қашпа әңгімелер көбейді. Соның бірі, Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері Могамед Адиев Қостанайдың «Тобылын» тізгіндейді деген жаңалық әлем желіде желдей есті.