Биылғы Молдова чемпионатының жеңімпазы «Петрокуб» клубының Президенті Михаил Усатый командасын толағай жетістікке жеткізген бас бапкері Андрей Маритннің қызметінен кеткеніне өкініш білдірді. Және молдовалық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында білікті маманды арбап алған шымкенттік «Ордабасы» басшылығына да реніші барын жеткізіпті.