Париж Олимпиадасының басталуына санаулы күндер ғана қалды. Осы орайда елімізден жарыс жолын 25 шілде күні ең бірінші болып садақ атудан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко бастайды. Париж Олимпиадасында 12 ғана команда сынға түсетіндіктен, жеребе сәтті болса, жігіттеріміз жүлделі орынға таласып қалуы да әбден мүмкін. Осы орайда ұлттық құраманың көшбасшысы Ильфат Абдуллин алдағы Париж Олимпиадасы жайлы өз ойымен бөлісті.