Қарағандылық боксшы, Қазақстан құрамасының өкілі Аида Әбікеева ауыр жарақатына қарамастан рингке шығып, Азия чемпионатында жеңіске жеткені белгілі болды. Бұл ақпаратты спортшының бапкері Ислам Әбдірайымов «Ласточка шахтерского города» деректі фильмінде айтып берді. Аталған фильм 27 желтоқсанда жарық көрген.