Ресейлік бапкер Игорь Семшов Грозныйдың "Ахмат" клубының өткен маусымдағы нәтижелерін қорытындылады. Ол сұхбат барысында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың алаңдағы керемет қимылдарына арнайы тоқталып, оның деңгейін өте жоғары бағалады, деп хабарлайды Aladop.kz.