Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ІХ туры мәресіне жетті. Былтырға қарағанда биыл ішкі біріншіліктегі командалар арасындағы бәсекелестік, чемпиондыққа талас жоғары. Қазірдің өзінде бірінші орын мен тоғызыншы орында тұрған клубтардың арасын бес-ақ ұпай бөліп тұр. «Тараз» бен «Каспийде» 17-16, «Астана», «Ордабасы», «Атырау» және «Ақтөбеде» 14, «Шахтер» мен «Қайратта» 13 ұпайдан бар. Тоғыз ұпаймен «Тобыл» тоғызыншы орында келеді. Жаңа […]