Эстония астанасы Таллинде өткен мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Михаил Шайдаров жоғары нәтижеге қол жеткізіп, байрақты бәсекенің күміс жүлдесін жеңіп алды. Эстониядағы доданың жекелей бағдарламасында өнер көрсеткен 17 жастағы отандасымызбен әңгімелестік. – Таллиндегі тарихи жетістігіңмен құттықтаймыз! Бұған дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде талай өрендеріміз бақ сынаса да, оларға жүлдегерлер қатарынан көріну бақыты […]