Жыл басында футболдан Қазақстан жастар құрамасының 19 жастағы қорғаушысы Асқар Сатышев испандық «Гранада» командасына ауысқаны туралы жазған болатынбыз. Таразда туып-өскен ол Шымкенттегі «Оңтүстік» академиясында жаттығып жүргенде испандық бапкердің көзіне түсіп, оның көмегімен Испанияға барып, әлеуетін танытуға мүмкіндік алған еді. Таразда еңбек демалысында жүрген Асқарға хабарласып, алдағы жоспары мен Испанияда жиған тәжірибесі туралы сұраған едік. – …