Түркістан қаласының «Тұран» футбол клубы команданың бас жаттықтырушысы болған Ресейдің азаматы Владимир Газзаевқа келісімшартты созбағаны үшін 12 млн теңге өтемақы төлеген деп хабарлады turkystan.kz sports.ru порталына сілтеме жасап. Журналист, инсайдер Айдын Қожахметтің айтуынша, ол «отбасылық жағдайына» байланысты клубпен өзара келісіп, үш айлық жалақысын алып, Ресейге қайтып кетті. Қазір команданың бас жаттықтырушысының міндетін Қуаныш Қабдолов атқарады. …