Тбилисиде 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы ITF Juniors J60 сериясындағы турнир аяқталды. Қарағанды теннис мектебінің түлегі, қазір Чехиядағы ең үздік теннис академияларының бірінде жаттығып жүрген 15 жастағы Әмір Омарханов турнирдің жеке және жұптық сынында да жеңіске жетті.