Биыл Токио-2020 олимпиадасына қатысқан бір топ түлектеріміз бен студенттеріміз ҚазҰУ-дың және еліміздің абырой-беделін көтергені көпшілікке мәлім. Осы орайда, ҚазҰУ түлегі, дзюдошы Елдос Сметовті әңгімеге тарттық. Ол іргелі білім ордасының заң факультетін бітірген. Токио-2020 олимпиадасында 60 келі салмақта бақ сынасып, қола медальға қол жеткізді.