Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алтыншы орынға сырғыды. Әлемдік рейтингте алғашқы үштікте өзгеріс болған жоқ. Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастаса, поляк қызы Ига Швёнтек пен Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы, америкалық Кори Гауфф екінші, үшінші орында тұр. Қорытынды жарыста финалға дейін жеткен қытайлық Чжэн Циньвэнь Е.Рыбакинаны ығыстырып, бесінші сатыға көтерілді.