Тұрғындар этноауыл, Қазанат, Арғымақ нысандарына өз көліктерімен жіберілмейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Әр күні сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін «Астана Арена» стадионы, ЭКСПО және Республикалық Бас мешітте автобустар жанкүйерлерді жарыс өтетін спорттық нысандарға ақысыз тасымалдайды.