1996 жылы Атлантада өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ибраимов бокстан Қазақстан құрамасының Париждегі өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді. Ермахан Ибраимов XXXIII жазғы Олимпиада ойындарындағы Өзбекстан бокс құрамасы жеткен толайым табыс Қазақстан тарихында да болғанын атап өтті. Ол мұндай жетістіктер мен тоқырау спортшылар сабақтастығында қалыптасатын құбылыс екенін қаперге салды.