"Астана" ФК бас директоры Давид Лория қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол бұл қызетте бар болғаны екі жарым ай жұмыс істеді. Бұған дейін спорт вице -министрі Ерлан Қожағапанов "шын мәнінде клуб бір топ шетелдіктің басшылығына берілген" деп клубты сынға алған болатын.