Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының соңы жақындап қалды. Алдағы 16 ақпанда бізді плей-офф кезеңі күтуде. Бас кубок үшін күресті жалғастыратын сегіз команда анықталды. Оған "Сарыарқа", "Хумо", "Номад", "Арлан", "Бейбарыс", "Ақтөбе", "Горняк" және "Құлагер" кірді.