Кәсіпқой боксшы, WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен күні белгіленді. No Limit Boxing промоутерлік компаниясы чемпиондық жекпе-жек туралы ресми жариялады.