Жапония құрамасының футболшылары әлем чемпионатының тарихына енді. Күншығыс елінің өкілдері топтық раундтың шешуші матчында допқа бар болғаны 17,7% ойын уақытында иелік ете отырып, Испания құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бұл – әлемдік жаңа рекорд, деп хабарлайды Zakon.kz.