Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Батумиде (Грузия) өткен WTT Youth Contender 2024 турнирінде 5 алтын медаль жеңіп алды. WTT ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасының спортшылары Сарвиноз Миркадирова 19 жасқа дейінгілер арасында топ жарса, Жанерке Кошкумбаева күміспен күптелді. Ал, Абдулла Мамай мен Сарвиноз Миркадирова аралас жұптық сында Беларусь өкілдерін 3:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Сондай-ақ Арнур Оралханов ерлер арасында жекелей сында үшінші орынан көрінді.
Спорт





























