ATP кәсіби теннисшілер қауымдастығының ресми сайты жаңартылған рейтингін жариялады. Соңғы нәтижелерге сәйкес, Қазақстанның жас таланттары Амир Омарханов пен Зангар Нұрланұлы ересектер турнирінде елеулі ұпай жинап, әлемдік рейтингте айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.