Қазақстандық пара жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазақстандық спортшы 100 метрге брасс әдісімен (SB13 санаты) жүзуде 1:04:83 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды. Жүзудің бұл түрінен аталмыш қашықтықта Нұрдәулет әлем және паралимпиада рекордшысы, германиялық спортшы Талисо Энгельді (1:01.90) ғана алға жіберді. Қола жүлде әзербайжандық Вели Исрафиловқа (1:05.35) бұйырды.