Бейжің Қысқы Олимпиадасында кей спорт түрлері бойынша сайыстар аяқталды. Қыстың бас додасында отандастарымыз әзірге жүлдегер атана алмады. Сайыстан кейін спортшылар алған әсері мен көрсеткен нәтижесі туралы пікір білдірді. Мысалы, фристайл-акробатшы Ақмаржан Қалмұрзаева шамадан тыс артық тырысқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.