Спорт саласындағы басшылар 2024 жылғы Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылады. Жиында спортшылардың ірі халықаралық жарыстарда көрсеткен аралық нәтижелері, оларды даярлау жүйесіндегі өзгерістер, медициналық-биологиялық қамтамасыз ету және допингке қарсы бағдарламалар, сондай-ақ өңірлерде олимпиадалық спорт түрлерінің жай-күйі мен дамуына қатысты мәселелер қаралды,