Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы санаулы сағаттардан кейін Аустрияда алаң иелеріне қарсы Ұлттар лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізеді. Станислав Черчесов кеше матч алдындағы баспасөз мәслихатында қағаз жүзінде аустриялықтар мықты, ойыны сойқан деп жергілікті журналистердің алдында қарсыласын әбден мақтаған болатын. Бірақ, мұртын сипап, миығынан күліп жауап берген Саламұлының ойында басқа жоспар тұрғандай көрінген.