Қазақстандық Cybernet AI стартапы түркі тілдерін автоматты түрде тануға арналған (ASR) ең ірі модельді ұсынды. Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы ауқымды жоба және түркі тілдер тобының ерекшеліктерін ескере отырып, әуелден ағылшынтілді шешімдерге бейімделмей әзірленген толыққанды жасанды интеллект моделі, деп хабарлайды BAQ.KZ.