Қазіргі таңда негізгі проблемалардың бірі – отандық өндірістің құрылыс материалдарының жетіспеушілігі. Қазақстанда құрылыс саласы жылдан-жылға дамып келе жатқандықтан, жан-жақты мемлекеттік қолдауды қажет етеді. Сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті инновациялық өнімдерді әзірлеуі және енгізуі; импортты алмастыратын өнімдер өндірісін дамыту; өндіріс шығындарын азайту және қазіргі заманғы өнімдер өндірісінің ауқымын ұлғайту сияқты бірқатар проблемалар бар.