«Салық заңнамасына сәйкес тіркемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тіркелген және (немесе) есепте тұрған көлік құралдары көлік құралдарына салық салу объектілері болып саналады. Осылайша, шетелден келген көлік құралдарын есепке қою мәселесі кезек күттірмейтін мәселе болып табылады деп есептейміз», - деді Үкімет басшысы жауабында.