Енді алдағы жылдары елдердің технологиялық деңгейін қанша қызметті онлайнға көшіргенімен ғана өлшей алмаймыз. Жаңа технология еңбек өнімділігін қаншалықты арттырды, бизнестің шығынын қанша қысқартты, азаматтың уақытын қанша үнемдеді? Басты сұрақ осы. Қазақстан үшін де цифрландырудың келесі кезеңі осы сұрақтарға нақты жауап беруден басталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge – 2026 форумында жасанды интеллектінің ықпалын …