Еліміз көмір қорына өте бай әрі оны өндіру жағынан әлемде алдыңғы қатарда. Кейбір мәліметтерге қарағанда, көмір қоры қазіргі тұтыну деңгейін қоса есептегенде, 500 жылдан 1000 жылға дейін жетеді деген болжам бар. Демек, бүгінгі күні көмір энергетикасы үлесінің 85 пайызға жетуі аса таңданыс туғыза қоймасы анық.